Роботтар сурет салады

BjMQtjhCEAAWMVE Жаңалықтар

«Болашақ энергиясы» тақырыбы таңдалып алынған ЕХРО-2017 көрмесі кезінде ерекше арт орталық жұмыс істейді деп күтілуде. Басты жаңалық сол,  «Astana Contemporary ArtCenter» павильонында роботтар сурет салып, мүсін жасайды.

BjMQtjhCEAAWMVE

Павильондағы іс-шараларды негізінен Францияның Ұлттық музейлер бірлестігі мен Ғаламат Сарай (Grand Palais) және «Гараж» заманауи өнер музейі ұйымдастыруда.

Павильонның бірінші қабаты заманауи өнердің халықаралық жетекші орталықтарында ұсынылатын көрме және білім беру жобаларына арналады.  Екінші қабатында «Artists&Robots» көрмесі өткізіледі. Интерактивті көрме аясында  келушілерге натурамен сурет салатын робот және мүсінші-робот таныстырылмақ.

Көрме кезінде заманауи өнер тақырыбына арналған 300-ге жуық фильм көрсетілімі де жоспарланып отыр.

Баян Жанұзақова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз