Құрманғазы ауданында жаңа балабақша ашылды

ФОТО ҚОБЫЗ 1 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино селосында 200 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Қос қабатты ғимарат 2 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр.

ФОТО - ҚОБЫЗ

Мұнда сегіз топтың әрқайсысында үш пен жеті жас аралығындағы 25 баладан тәрбиеленетін болады. Жаңа әлеуметтік нысан барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда, музыкалық және гимнастикалық жаттығулармен айналысуға арналған әмбебап залдар, түрлі үйірмелер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін бөлмелер ашылған.

Бірінші қабатта кір жуатын орын, медициналық бөлме мен қоймалар орналасқан. Тіпті, жүк көтергіш жеделсатыға (лифт) дейін қарастырылған. Ал, ғимарат ауласында спорттық және әртүрлі ойын алаңдары бар. Айта кеткен жөн, балабақша өңірлерді әлеуметтік дамыту бағдарламасы аясында мұнай айдаушы мекемелердің бірінің қаржысына салынған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз