Құрманғазы ауданында «Алтын алқалы» аналар марапатталды (ФОТО)

Изображение 025 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы орталықтандырылған кітапханада «Ана – өмір шуағы» атты «Алтын алқа» иегерлерімен кездесу кеші өтті. Аудандық аналар кеңесі ұйымдастырған шараны кітапхана директорының орынбасары Г.Хамзина жүргізді.

Изображение 025

Алдымен Ел Президентінің Жарлығымен «Алтын алқаға» ие болған Ганюшкин ауылдық округінің тұрғыны Самал Шамханованы  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбай Шамбузов марапаттады. Әлбетте, бес баласынан кейін Әлемхан, Ерхан, Тілеухан сынды үшемді жарық дүниеге әкелген жас анаға қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Бүгінде перзенттерінің алды 9 сыныпта оқыса, ал үшемдері биыл желтоқсан айында 2 жасқа келеді.

Изображение 009

Келесі кезекте «Алтын алқа» иегері, ардагер-ұстаз Жәннат Құрманғалиева жас аналарға әжелік өсиет, баталы тілегін арнады. Оның  пікірін сабақтаған ардагер-кітапханашы, 8 баланы өмірге әкелген алтын алқалы ана Қарлығаш Мусағалиева отбасы құндылығы, әйел бақыты,  ұлттық тәрбиенің ұлағаты жөнінде жан-жақты сөз қозғады.

Изображение 020

Шараны қорытындылаған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, Ганюшкин ауылдық округінің өзінде 92 алтын алқа иегері барын айтып, марапатқа ие болып жатқан Самал Шамхановаға құттықтау лебізін білдірді.

Изображение 021

Айнагүл Шакупова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз