Әріптеске құрмет

р¦птеске рмет Жаңалықтар

Кеше облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Атырау-Ақпарат» ЖШС  жарнама қызметінің жетекшісі, танымал журналист Ағиба Қатешованы қабылдап, мерейлі жасқа толуымен құттықтады.

__р¦птеске ____рмет

Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, еңбек жолын Жаңаөзен қалалық радио торабында редакторлықтан бастаған әріптесіміз кейін қалалық газет тілшісі, Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында бас редактор, облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болды. Тоқсаныншы жылдардың аяғында «Каспий-Капитал» газетінің бас редакторы, кейін мұнай компаниясында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарда лауазымдық қызметтерді  абыройлы атқарды.

Облыстың мәдени-рухани өміріне қосқан үлесін атап өткен Әлібек Ибатоллаұлы Ағиба Мұстажапқызына өз атынан Алғыс хат табыс етіп, сый-сияпат көрсетті.  Әріптесіміз өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Бақытжан Хамитұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз