«Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің тағылымы ерекше (ФОТО)

ANU 5562 Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингі «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалін ұйымдастырды.

ANU_5562

Аталған медиа-холдинг бұдан бұрын «Ғажайып өлке» шығармалар конкурсын өткізген болатын. Үш жүзден астам шығарманың ішінен қырық оқушының жазбасы іріктеліп алынды. Сөйтіп, аудандардан 28, қала мектептерінен 12 қалам иелері болуды армандайтын жас өркен фестивальге жолдама алды.

Медиа-серіктестіктің баспасөз орталығында облыстық жас тілшілер форумына қатысушылар «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Атырау-Ақпарат» медиа-холдинг қызметкері Нұрсұлтан Мықтыбай және басқа да журналистермен кездесіп, көкейлерінде жүрген көп сауалға жауап алды. Медиа-холдингтің тыныс-тіршілігімен танысты.

ANU_3862

ANU_3769

ANU_3720

Жоспарға сәйкес облыстық «Атырау» телеарнасы ұжымымен кездесіп, телеарна жұмысымен танысты. Одан кейін жас қаламгерлер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Абзал Тәлтеновтің қабылдауында болып, білім ордасындағы оқу процесіне куә болды. Қазіргі таңда ақпарат саласында өнімді қызмет етіп жүрген журналист Айбөпе Сабыровамен кездесті. Университет оқытушыларының лекциясын тыңдады.

ANU_3920

ANU_4053

ANU_4160

Түстен кейін елімізге және өңірімізге танымал журналистер мен медиа мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді. «Шетелдегі қазақ балалары» тележобасының жүргізушісі ретінде танылған тележурналист Жанар Байсемізова өткізген шеберлік сыныбы үмітін үкілеген жастарға қанат бітірді.

Н.Тілендиев атындағы «Кіші өнер академиясы» дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектебіндегі журналистика мамандығының «Зерде» телестудиясына барып, ондағы шәкірттермен, мұғалімдермен жүздесті.

Бұдан соң Атырау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап, «Исатай-Махамбет» алаңында болды. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, поэзия патшайымы Фариза Оңғарсынованың, Қазақстан Республикасы Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың ұлы ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Ретро-парк, жаяу жүргіншілер көпірін тамашалап, «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға тағзым етті. Сұлтан Бейбарыс ескерткішіне тәу етіп, Жайық жағалауында серуендеді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Нұрсая мөлтекауданында орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне автобуспен жеткізілген жас қаламгерлер қаланың әсем де көрікті көшелеріне тамсана қарап, сүйсіне суретке түсіп жатты.

Аталған мектептегі «Жас тілші» клубының жұмысымен танысып, мүшелерімен пікір алысты. Жас жеткіншектердің әскери-патриоттық клубы мүшелерінің патриоттық тақырыптағы сахналық қойылымы мен концертін тамашалап, айрықша әсерге бөленді.

ANU_4607

ANU_4673

ANU_4653

Одан кейін өз жүрек түкпіріндегі армантауына беттеген жастар ел тарихы мен шежіресін бойларына сіңіріп өсіру мақсатында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады.

ANU_4801

ANU_4836

ANU_4863

ANU_4883

Көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева көкөрім жастармен кездесіп, өлеңдерін сүйіп оқитын жас қалам иелеріне қолтаңбасын қалдырды.

ANU_4979

ANU_5069

ANU_5100

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жас тілшілер форумының қорытынды кеші өтті. Ақпарат кеңістігіне танымал басылымдар, яғни, «Қазақ әдебиеті», «Қазақ радиосы», «Қазақстан әйелдері» журналы, «Қазақстан-Заман» газеті, «Парасат» журналы, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Ұлан», «Айқын», «Егемен Қазақстан» газеттері «Ғажайып өлке» шығармалар конкурсына қатысқан оқушыларға арнайы жүлделерін берді. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы шәкірттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

ANU_5138

ANU_5234

ANU_5514

ANU_5400

ANU_5142

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының қойылымы жас тілшілер назарына ұсынылды.

ҮМІТТЕРІН ҮКІЛЕП…

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты: «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалі біздің де балалық шағымызды еске түсіріп, арманға қол созған бейкүнә кезімізді сағынтқаны рас. Облыстық деңгейде өткенімен, республикамызға танымал басылымдардың арнайы жүлделерінің тағайындалғаны, үміттерін үкілеген жас өрендердің қазақ әдебиетінде, журналистикасында айрықша орын алатын тұлғалар атындағы марапаттарға ие болғаны, әрине, оларға үлкен қолдау болды.

Осының өзінен бұл жобаның қоғам өміріне, жұртшылыққа тигізетін пайдасын сараптауға болатыны кәміл. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған шара өзге де өңірлерге үлгі болса деп ойлаймын.

АРМАНЫМА ҚОЛ СОЗДЫМ

Әли ҒАЛЫМОВ: «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалінен үлкен әсермен кетіп барамын. Кездесулер көңілге ой салды, көп мағына түйдім. Ұстаздарым берген білімді тәжірибемен ұштастыруды енді түсіндім. Облыстық телеарнада болып, танымал тележурналистердің айтқандарын көңілге тоқыдық. Өзім өте разымын.

ЖУРНАЛИСТ АҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІК

Әлихан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектеп оқушысы: Жас тілшілер фестиваліне қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Өзім «Атырау» газетінен оқып, үлгі тұтатын журналист аға-апалармен кездестім. Исатай Балмағамбетов сынды елімізге белгілі журналистен көп сауалдарыма жауап алып, көкірегімді мақтаныш кернеп барады. «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингі басшыларына, ұйымдастырушыларға мың алғыс! Екі күн әп сәтте өте шықты. Тек естелік фотосуреттер мен өзімнің дәптеріме түсірген жазбаларым қалды. Көп достар таптым. Осындай форумдар жиі өтсе екен.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз