Республикалық сайыста атыраулық құсбегі жеңіске жетті

20180224173355 Жаңалықтар
Орал қаласы іргесіндегі «Жайық қалашығы» маңында құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнирі өтті. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресейден келген 40-қа жуық бүркітші қатысты.
20180224173355

 Төрешілер қатысушылардың ұлттық киім үлгісін, құстардың аңға түсуіне баға беріп отырды.Айта кетейік, мұндай сайыс Ақжайық өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайыста бас жүлдені атыраулық Арман Қошқаров еншіледі.

Екінші орында – Жамбыл облысынан келген Бағдәулет Бабажан. Үшінші орынды екі бүркітші бөлісті. Олар – Ақмола облысынан барған Бергенбай Тастанбек пен астаналық Серікбек Күнтуған.

 

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз