Ресей азаматы В.Гайтанжи Атырауда казино ойынын ұйымдастырғаны үшін сотталды

e1517825325745 Жаңалықтар

Атырау облысы прокуратурасымен өзара тығыз байланыс және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің жедел әрекеті нәтижесінде Атырау қаласының аумағында астыртын казино әшкереленді.

Казино

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен 17 297 070 теңге, 360 000 ресей рублі, 68 210 АҚШ доллары және заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыруға пайдаланылған заттай дәлелдемелер мемлекет пайдасына өткізілді.

Атап айтқанда, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің мамандарымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының орталығында орналасқан ғимаратта заңсыз қызметті жүзеге асырған астыртын казино (подпольное казино) анықталған болатын. Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан покер үстелдері, «ЗУМ» маркалы «Бинго-37» электронды рулеткалары, ойын фишкалары, ақша қаражаты және басқа ойын жүйелері алынды.

Аталған дерек, Қылмыстық Кодекстің 307-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сондай-ақ, тергеу кезінде астыртын казиноны ұйымдастырған Ресей Федерациясының азаматы В.Н.Гайтанжи екені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу қорытындысымен азамат В.Н.Гайтанжиға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

16 қаңтар күні, №2 Атырау қалалық сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматы В.Н.Гайтанжи кінәлі деп танылып, сотталды.

Айқара Ғұмар

Фото pushkinska.net сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз