РЕПОРТАЖ: Адам ағзаларын зерттейді…

photo 314798 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Кәсіби мерекелері қарсаңында шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы мекемесіне барып, сала мамандарының жұмыстарымен танысып қайттық.

Аталған мекеменің төрт бөлімінде 57 қызметкер әртүрлі жұмыстар атқарады. Атап айтқанда, ересектер па­тологиясы гистологиясымен және балалар патологиясы гистологиясымен бөлімдері ауруханаларда қайтыс болған адамдардың мүрдесіне патолого-анатомиялық зерт­теу жүргізеді. Ал, операциялық және биопсиялық матери­алдарды зерттеу бөлімінде ауруханалардан түскен операциялық-биопсиялық материалдарды зерттеуді іске асырады. Сондай-ақ, төртіншісі – ақылы негіздегі дәстүрлі қызмет көрсету бөлімі.

Сала мамандарының сөзінше, гистологиялық зерттеу – адам ағзасындағы патологиялық өзгерістерді жасуша деңгейінде микроскопиялық зерттеу. Ал, биопсия – диагностикалық мақсатпен адам организмінен жасушаларды немесе тінді алып, зерттеу тәсілі. Мәселен, хирург дәрігерлер ота жасау кезінде патологиялық өзгерген тіннің белгілі бір бөлігін алып, биопсиялық зерттеуге жібереді. Зерттеу нәтижесінде біліктілігі жоғары дәрігерлер ауру түрін анықтайды. Сырқат өзі білмей жүріп, қатерлі дертке шалдығуы, немесе, керісінше болуы мүмкін. Яғни, биопсиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес, науқасқа емдеу жүргізу тәсілі анықталады екен.

– Б і з д е г і м е д и ц и н а қызметкерлері – біліктілігі жоғары, жауапкершілігі зор, жүрегі жылылыққа толы ма­мандар. Жасыратыны жоқ, кейбір пациенттер тара­пынан қойылған диагнозға сенбеушілік танытқандар бо­лады. Орталықтан зерттелген шыны препараттарды алып, басқа облыс орталықтарына, жақын шетел – Ресей Федера­циясына барып, қайта тексерт­кендер болды, бірақ, қойылған қорытындылар өз дәлелдемесін тапты. Әр қорытынды диагноз – адам тағдыры. Сондықтан, бұл салада атқарылатын жұмыстың маңызы зор, – дейді мекеме басшысы Айдаргүл Рахметқызы.

Төтенше жағдай кезінде бұл мекеме қызметкерлерінің тек әкімшілік бөлімі ғана онлайн форматқа көшкен. Қалған ме­дицина қызметкерлері халыққа үздіксіз қызмет көрсету мақсатында жұмыстарын үзбепті. Әлемді шарлаған індет – коронавирустан о дүниелік болған адамдардың мүрдесін жерлеуге дайындық жұмысын жасау үшін Қазақстан Ре спубликасы мемлекеттік Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, алгоритм бойынша арнайы жылжы­малы топ құрылған көрінеді. Денсаулық сақтау басқармасы арқылы демеушілердің есебінен қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен, антисептик­пен және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілген.

Облыстық патолого- а н а т о м и я л ы қ б ю р о с ы мекемесінде көп жылдан бері еңбек етіп жүрген қызметкерлер жетерлік. Оның бірі – Ақсұлу Мырзағалиева. Отыз төрт жыл бойы тапжылмастан, қиындыққа мойымай еңбек еткен Ақсұлу Дүзелбайқызы Атырау медици­на колледжін бітірген соң, 1986 жылы осы мекемеге жұмысқа орналасыпты. Осыған дейін әртүрлі жұмыстарды атқарса, қазір ол – бас лаборант. Со­нымен бірге, бөлім меңгерушісі Алмагүл Нұғыманованың да жиырма жыл жұмыс өтілі бар болып шықты. Бастапқыда жас маман болып, ізденіске көп мән берсе, енді өзінің ізін жалғап келген жас буынға жинаған тәжірибелерін үйретуден жалыққан емес.

Мекеме басшысы Айдаргүл Рахметқызы атқарылатын жұмыстардың екі негізгі бағытын қысқаша түсіндіріп берді:

– Біріншісі, операциялық- биопсиялық зерттеу – тірі адамдардың ағзаларынан диагностикалық мақсатта жа­сушаларды немесе тінді алып зерттеу жүргізу.

Екіншісі – адамдардың мүрдесіне патолого-анатомиялық зерттеу жүрізу. Оның мақсаты – медициналық мекемелерде дүние салған адамның ауруы дұрыс анықталды ма? Емдеу дұрыс жасалды ма? Өлім себебі қандай? Өлімнің алдын алуға болатын ба еді? Бір сөзбен айтқанда, адам өлімінің негізгі себебін анықтаймыз, – деді ол.

Гүлдана ЕРЛАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз