Рауан Сәбитов – «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметіне тағайындалды

Kaz 00249 1 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметіне Рауан Сәбитов тағайындалды.

Kaz_00249-1

Ол 1985 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2002-2006 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әлеуметтану бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін, 2010-2012 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. 2015 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты.

Малайзия, Словакия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші болып бастаған. 2008-2009 жылдары аралығында «Қазақстан» ұлттық телерадио корпорациясында редактор-жүргізуші, 2010-2011 жылдары –  «Сақшы» газетінің бас редакторы, 2012-2013 жылдары «Халық сөзі» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Соңғы еңбек еткен орны – «Қазақстан-Атырау» телеарнасы. Мұнда Рауан Сәбитұлы директордың орынбасары – бас редакторы болып екі жылға жуық қызмет етті.

Бұған дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған Өтеген Аманшаұлы Нәукиев директордың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз