РАМЗАН КАДЫРОВ ГОЛОВКИНДІ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЙТІНІН АЙТТЫ

755182701156688 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл. Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров Қазақстан Президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында Геннадий Головкинді ерекше құрметтейтінін айтты.

«Бала кезімнен боксты жақсы көремін. Мен үшін ең мықты әрі дарынды спортшы, өзім ерекше құрметтейтін жан. Адам тектен-тек ешқандай жетістікке жетпейді. Сіздердің боксшыларыңыз – әлем чемпионы. Ол өзін-өзі шыңдап, осы деңгейге жетті», – деді Қадыров Головкин туралы.

Шешенстан елінің басшысы айтқандай, спортта биік белесті бағындыру бапкерге немесе басқа біреуге емес, адамның тікелей өзіне байланысты. Спортшы барын салып жаттықса, кез келген асуды алады, дейді Қадыров.

GGG 2

Сонымен бірге ол, Қазақстанда дзюдо күресінің де ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздерде бокс қана емес, дзюдо да жақсы дамып келеді. Спортшыларымыз жиі кезігеді. Жеңіп те, жеңіліп те жүрміз. Сондықтан, сіздерде спорттың қарыштап дамып келе жатқанын сырттай бақылап, спортшыларыңыз үшін қуанамыз», – деп Шешенстан басшысы жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, қазір бүкіл әлем, әсіресе бокс фанаттары Қазақстанның атақты боксшысы Геннадий Головкиннің кәсіби рингке қайтып оралуын асыға күтіп жүр. Бұған дейін GGG-дің едәуір ықтимал қарсыласы ретінде WBO чемпионы Деметриус Андраденің аты аталған болатын.

Дереккөз: «Спутник. кз»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз