Қытайдан қайтарылған студенттер коронавирус жұқтырған ба?

a8a34858 6b44 449e 89ed 40ba97dfe037 Жаңалықтар

Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жуырда елге қайтарылған студенттер мамандармен тексерілгендігін айтты.

«Барлығы 89 адам көшірілді. Оның 83-і – Қазақстан азаматтары, 5-і Белорусь, 1-і Армения және 18-і Қырғызстаннан. Бәрінен сынама алынған, жағдайы қанағаттанарлық, температурасы бірқалыпты. Барлығында коронавирустың жоқтығы расталды. Соған қарамастан олар 14 күн мерзімге карантинге қалуы тиіс», – деп хабарлады ол.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда қазақстандықтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медициналық үйлестіру ұлттық орталығы 83 қазақстандықты отанына оралтса, соның 80-і – ҚХР-ның Ухань қаласындағы студенттер. Олар қаладан 7 км қашықтықтағы астаналық көпсалалы аурухана жанынан арнайы бөлінген инфекцяға қарсы күрес корпусына  орналастырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/adamgershilik-aynasyi/atyrauly%d2%9b-zejnetker-k%d3%a9lik-apatyna-t%d2%afsken-zh%d2%b1bajy-%d2%9biyndy%d2%9btan-%d2%9balaj-shy%d2%9b%d2%9banyn-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз