«Қысқы каникул – 2020»: Атыраулық спортшылар жүлдемен оралды!

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Қостанай қаласында суға жүзуден 2005 жылы туылған ұлдар мен 2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. «Қысқы каникул – 2020» атауымен өткен бұл су додасында жас жеткіншектеріміз 1 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль иемденді.

Бес күнге созылған бәсекелер қорытындысында Альмира Қадырбай 200 метрге кешенді жүзуде бәрінен оқ бойы озық шығып жеңімпаз атанса, одан кейінгі 200 метрлік еркін жүзуде – екінші, 100 метрлік және 50 метрлік еркін жүзу түрінде – үшінші орыннан  көрінді. Ал, көпсайыс қорытындысында талапты қызымыз  екінші орын алды.

Осы еркін жүзу әдісінде бағын сынаған  тағы бір жерлесіміз Дамир Алтай 50 метрлік сайыста – екінші, 100 метрлікте – үшінші болып келді. Ал, Анеля Марат болса 200 метрлік кешенді жүзуде – екінші, 50 метрлік брасс әдісінде үшінші орын иемденді.  Дидар Ғизатов 200 метрлік кешенді жүзуде үшінші болды.

Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыларды жарысқа жоғары санатты бапкер Нұрлан Жұмағазиев пен аға жаттықтырушы Иван Галкин дайындады.

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған