Қырағы камера – қауіпсіздік кепілі

sxJ3fOAOpdaTnC1FIgTN watermark Жаңалықтар

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Мұнайлы астананың көшелері мен тұрғындардың көп шоғырланатын орындары түгелге дерлік «қырағы көз» камералармен қамтылған десе де болады. Ал, олардың жұмысын полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығы жіті қадағалап отыр.

 Жедел басқару орталығының «жүрегі» – бейнекамераларды қарайтын зал. Қақ төрде – үлкен экран. Қызмет орындары дербес компьютермен, телефон­мен және радиобайланыспен қамтамасыз етілген. Қаз-қатар тізілген мониторларда отырған кезекші инспекторлардың бізге мойын бұруға уақыты жоқ. Себебі, тәулік бойы тұрғындар тыныштығын күзететін бүкіл камераны онлайн режимде үзбей бақылап отыру керек. Біз де монитордың біреуіне үңіліп, экраннан қала тыны­сын алақандағыдай көрдік. Көз алдыңда – қаланың қайнаған тірлігі. «Бізді камера қарап тұр» дейтін ешкім жоқ, әркім өз ша­руасымен әуре.

«Әзірге тыныш. Қылмыстың көбі түнде, демалыс күндері жасалады» дейді маңызды деректерді іздеп отырғанымды байқап қалған Жедел басқару орталығы бастығының орынба­сары, полиция подполковнигі Жанат Рахметова. Монитордан құқықбұзушылық көрінбегесін, кешегі жазбаларды көрсетуін өтіндім.

«Белгісіз біреулер Владимир­ский көшесінде автокөліктің терезесін сындырып, ішіндегі заттарды тонап кетті» деген ха­барлама айтылды. Лезде сол жер­ге бағытталған бейнебақылау камерасы жоғарыда айтқан әрекетті жасап жүрген ер мен әйел адамды бірден көрсетті. ЖБО сол сәтте патрульдік по­лицияны аталған мекен-жайға жөнелтеді. Оқиға орнына де­реу жеткен тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай, ұрыларды құрықтап үлгерді.

Ж е д е л б а с қ а р у орталығының инспекто­ры Альбина Құспанованың айтуынша, қылмыс пен қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ т а р көшелерде орнатылған бейнебақылау камерасын ты­нымсыз қарау арқылы инспек­торлармен анықталады. Ал, алдыңғы күнгі жазбадан тағы бір қылмыстың әшкереленгенін білдік. Таңғы сағат 05.00-де «102» операторына белгісіз әйел «Вокзал маңы шағын ау­данында орналасқан дүкенге терезе арқылы кірген қарақшы дүкеншіні қорқытып, ақша мен алкогольдік ішімдіктерді алып кетті» деп хабарлады. Дереу сол ауданға жауапты ин­спектор жазбаны қарап, бетіне бетперде киген ер адамның жүгіріп шыққанын анықтайды.

Қарақшының бағытын анықтап, дереу арада жақын маңдағы полиция бекетіне хабарлап, қарақшы кім екенін және айғақты заттарды бейнекамера көмегімен тез арада дәлелдеді.

Ауланың да қауіпсіздігі – басты назарда!

Қаладағы үй аулаларында 374 камера жұмыс істейді. Үйдің алдында тәртіп бұзушылық болса, кешіктірмей «102» нөміріне хабарласқан дұрыс.

Ондай жағдайда полицияның айғақ ретінде Пәтер иелері
кооперативі тарапынан тұрғын үй кіреберістеріне орнатылған
камералардағы бейнежазбаларды қарап шығуға толық құқығы бар. «ЖБО-ның 759 бейнебақылау камерасы бар. Бейнебақылау құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Әрі бұл жазбалар – бұлтартпас айғақ. Жыл басынан бері 2546 жол- көлік оқиғасы орын алды. Қаза болып, дене жарақатын алғандар бар. Ал, бейнебақылау осын­дай оқыс жағдайдың қалай орын алғанын дәлелдейтін жүйе» деп түсіндірді ЖБО бастығының орынбасары Жанат Елемесқызы.

Жалпы, бұрынғы поли­ция қызметі мен қазіргі жұмысты салыстыруға келмейді. Бүгінгі за­манауи технология­лар қылмысқа қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Соның арқасында кезінде апта, айлар бойы анықтайтын жағдайлар қазір санаулы минутта шешіледі.

Ж ы л б а с ы н а н б е р і бейнебақылау көмегімен 35 қылмыс ашылған. Әсіресе, көше камераларының жоғалған зат­тарды жедел табуда айтарлықтай көмегі бар. Мысалы, 10 мау­сымда ЖБО қызметкерлеріне таксиде қалдырылған смарт­фондарын санаулы уақытта тауып бергені үшін қаланың екі тұрғыны алғысын білдірді. Жанат Рахметованың айту­ынша мұндай мысалдар көп екен. Біз келердің алдында қала тұрғынының таксиде ұмыт қалдырған 190 мың теңгенің са­мокатын орталық инспекторлары көліктің нөмірін анықтап, жоғалған мүлікті тез тауып берген.

Ал, қылмыстарды сараласақ, оның дені ұрлық, тонау, бұзақылыққа қатысты. Бейнекамералардың көмегімен 692 ұсақ б ұ з а қ ы л ы қ , 1 0 7 2 қоғамдық орында ішімдік ішу, 71 қоғамдық орындар­да тиісу, 10734 жол жүру ережесін бұзушылар, 1217 өзге баптар бойынша анықталып, полиция қызметкерлерімен хаттама толтырылды. Жалпы, тәулігіне 250-280-дей қоңырау түседі екен.

Басты дәлел – бейнебақылау

Ж о л қ а у і п с і з д і г і н қ а д а ғ а л а й т ы н к е з е к ш і инспектордың жұмысы қауырт. Камера арқылы телефонмен сөйлескен, қауіпсіздік белдігін тақпаған, жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап отыр. Көліктің нөмірі мен түр-түсін анықтап, тиісті орындарға жіберуде. Басты дәлел – бейнебақылау. Ал, жүргізушілер болса, мұның бәрінен бейхабар. Әсіресе, жол ережесін бұзған көлікті құрықтау аса қиын емес. Ка­мера арқылы қай бағытта кетіп бара жатқанын анықтаған соң жүргізушіні алдынан күтіп алу полицияның міндеті. Тіпті, монитордан алыстағы адам­дарды жақындату арқылы бет- әлпетін анық көре алады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін бақылауға арналған құрылғы көшедегі бар қимылды қалтқысыз бақылайды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, болған оқиғаны дәлелдеуде бейнебақылау құрылғылары т ә р т і п с а қ ш ы л а р ы н а жүктелген ауыр міндетті едәуір жеңілдеткенін мамандар жоққа шығармайды. Орталық мамандары жол-патрульдік жасақтардың қаланың қай аймағында жүргенін JPS- навигатор арқылы біліп отыра­ды. Ал, тәжірибе көрсеткендей, камера орнатылған көшелер мен аулаларда құқықбұзушылық анағұрлым азайған.

Түйін

Өзіміз куә болған бір сағаттың ішінде Жедел басқару
орталығындағы инспекторлар қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті бақылайтынына көзіміз жетті. Ал, онлайн
режимде отырған мамандар әр қоңыраудың елеусіз
қалмайтынын ескертті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз