Қонаққа келген келіншек пәтердегі теледидар мен телефонды ұрлап кетті (+ВИДЕО)

200828223429507e БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/30 тамыз, 2020 жыл. 16 тамыз күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, үйіне келген қонақ келіншек пәтердегі теледидар мен телефонды ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

https://www.youtube.com/watch?v=TyboqexIAO4&feature=emb_logo

Әйелдің бұл әрекеті кіреберістегі бейнекамераға түсіп қалған. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Әйелден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, ол үйіне жіберілді. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз кезегінде атыраулық полицейлер қала тұрғындарына ұрлықтың алдын алу үшін бірқатар шараларды қабылдау керектігін ескертеді. Атап айтқанда, аулада бейнебақылау камерасын және дабылқаққыш орнатып, кіреберіс пен ауланы жарықтандыру, терезеге – темір тор, есікке – сенімді құлып қойған жөн. Үйге ұры кірсе немесе осындай жағдайға куә болсаңыз, дереу 102 қызметіне хабарлаған абзал.

«Polisia.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз