Қоғамдық тәртіп күзетінде

200717201141354a3673967i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген режим­де жұмыс жасап жа­тыр. Олар кез келген құқықбұзушылықты анықтау және оны бол­дырмау үшін тәулік бойы қызмет атқаруда. «Бас- ты мақсат – қоғамдық тәртіпті күшейту арқылы індеттің өршуіне жол бермеу. Заң мен тәртіп – жалпыға ортақ» дейді облыстық поли­ция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Алайда, статистикадағы деректер облыс тұрғындарының аурудың алдын алуға бейжай қарайтынын байқатып отыр.

Бүгінде облыс бойын­ша 1000-ға жуық каран­тин режимін бұзған дерек тіркелді. Облыстық поли­ция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың ай­туынша, 11 шілдеден бас- тап құрамында әкімдік, санитарлық-эпидемио- логиялық және полиция өкілдері бар мониторингтік топтар карантин тәртібін сақтамаған 388 деректі анықтады.

Осы мерзім ішінде облыс- та салынған тыйымдарға қарамастан, үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 20-дан аса отбасы анықталды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына құлақ аспағандар жауапкершіліктен құтыла алмады. Сондай-ақ, тексеру кезінде бірнеше дүкеннің белгіленген шектеулерді орындамағаны белгілі бол­ды. Мысалы, «СМП-163» ықшамауданындағы азық- түлік дүкені сағат 21.30 шамасында жұмыс жасап тұрған. Карантиндік талап­тарды бұзған, белгіленген уақыттан тыс мерзімде қызмет көрсеткен 5 азық-түлік дүкені мен 1 алкомаркет иелеріне қатысты жинақталған іс- құжаттар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жол­данды. Кейбір дүкендерде са­тушылар бетпердесіз жүргені, ал, бірінде санитарлық- э п и д е м и о л о г и я л ы қ ережелердің сақталмай- тындығы белгілі болды.

Облыс полицейлері дүкендер мен супермаркеттердің, кафе- мейрамхана иелері тарапы­нан, сонымен қатар, түнгі 23.00-ден кейінгі шектеулерді орындамаған 400-ден астам бұзушылық деректі анықтады. Қала орталығының өзінде та­лап пен тәртіпті орындағысы келмеген 450 бұзушылық орын алған. Патрульдік рейдке тұрақты жетекшілік ететін взвод командирі Асланбек Ғарифулиннің ай­туынша, қоғамдық тәртіп жіті бақылауда тұр.

– Тұрғындарға күн сайын ка­рантин талаптарын түсіндіріп отырамыз. Алайда, олардың бәрі мұндай шаралардың маңызын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет екендігін түсіне бермейді, – деді аға лей­тенант А.Ғарифуллин.

Қаулыға сәйкес, азамат­тар мен автокөліктердің еркін жүріп-тұруына шек­теу қойылған. Тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарал а р қабылда н ды . Соған қарамастан түнгі уақытта көлікті мас күйінде тізгіндейтіндердің қатары азаймай тұр. Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілгені белгілі. Мұндай заң бұзушылар жол- көлік апатын жасамаса да 15 тәулікке қамалып, 7 жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады. Карантин ережесін бұзып, ішімдік ішіп ұсталған көлік иелерінің арасында нәзікжандылар д а б а р . О л а р к і н ә с і н мойындағысы келмегенімен, с о т – м е д и ц и н а л ы қ с а ­раптама қорытындысы жүргізушілердің ішімдік ішкенін растап берді.

«Біздің міндетіміз – хаттаманың санын көбейту е м е с , а з а м а т т а р д ы ң қауіпсіздігін сақтау. Каран­тин жағдайында күшейтілген режиммен сақшылық қызмет атқарып жүрген полицейлердің алдына сондай міндет қойылған. Сондықтан, әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Ең бастысы – арақашықтық, оқшаулану мен бетперде киюді сақтау» деген А.Ғарифуллин күн сай­ын тәртіп сақшыларының карантиндік шектеулерді бақылайтынын баяндады. Қазір тәртіп сақшылары көбінесе алдын алу және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қатаң шаралар заң талаптары өрескел бұзылған жағдайда ғана қолданады.

Облыстың тәртіп сақшылары қазір көшеде жүрген кез келген адамды тоқтатып, не себепті жүргендігін анықтауына құқығы бар. Азаматтардың қозғалысы жұмысқа барып-ке­луге, азық-түлік, дәрі-дәрмек, шұғыл жағдайларға байланы­сты дәрігерлік көмек алуға рұқсат етілген. Ал, қоғамдық көліктің қозғалысына тыйым салынған. Тек жеке көліктердің жүруіне рұқсат бар. Қазір Атырау облысы аумағында ко­ронавирус инфекциясының та­ралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шаралар 19 шілде сағат 00-ден бастап, 3 тамыз сағат 00-ге дейін ұзартылды. Тәртіп қатаңдаса да оған бағынғысы келмейтіндердің саны азаймауда.

Тұрғындар бүгінгі шектеу шараларына түсіністікпен қарап, оның әр адамның қауіпсіздігі үшін енгізілгенін түсінгені абзал. Біздің ұстамдылығымыз бен ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы м ы з , өзара жанашырлығымыз бен карантин кезіндегі жауапкершілігіміз өзімізді және отбасымызды қауіпті індеттен сақтап қалатыны анық.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз