Қазақстандықтар неліктен шаштарын тақырлап алып жатыр? (+ВИДЕО)

90971067 3080232002041248 8721073073261903872 o COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Қытайда эпидемия кезінде медицина қызметкерлері гигиена сақтау жеңілірек болуы үшін шашын тақырлап алған болатын. 

Қазақстанда бұл әдіске қызығушылық танытушылар күн сайын көбейіп келеді. Сұлулық салондары жабық. Олардың қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан тұрғындар шашын өз үйінде ала бастады. 

Елде 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылған болатын. Кейін өзге өңірлер мен қалалар да бірінен соң бірі жабыла бастады. 

Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты. Оның шашын күйеуі алған. Сурет желіде 27 наурыз күні жарияланды.

«Atr-Ақпарат»

https://youtu.be/km_m24dCrew
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз