Қазақстанда жол салушы мамандарға сұраныс жоғары

1 35 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. «1000 мектеп» акциясы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының өкілдері түлектермен zoom және wats up желісі арқылы онлайн кездесу өткізіп, кәсіби бағыт-бағдар берді.

Аталмыш орталық директорының міндетін атқарушы, тәжірибелі жолшы Жантас Шариповтің айтуынша, Қазақстанда жол салушы мамандарға сұраныс жоғары.

«Әсіресе,  жол құрылысы жыл сайын қарқын алған Қазақстан үшін жол шеберлері, инженерлер, зертханашылар, асфальтбетон төсеушілер, автогрейдерлер, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техниканы жүргізушілер, геодезистер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, тіпті ғалымдар ауадай қажет» дейді Жантас Шарипов.


– Қазақстанда жыл сайын жүздеген және мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынады, жөнделеді. Жол саласында жұмыс процесі толықтай автоматтандырылған, нәтижесінде бұрынғыдай, күні бойы суықта және ыстықта жолда жүрудің қажеті жоқ. 

Мәселен, орталықта жылжымалы зертханалар, заманауи қондырғылар бар, бұл жолды сапалы және жылдам зерттеу жұмыстарын жеңілдетеді», – деді ол.


Жалпы, жол мамандығын таңдағандар еліміздегі сапалы жолдардың салынуына үлкен үлес қосатыны айтылды.


– Елімізде 30-ға жуық жоғары оқу орны мен 50-ге жуық колледж жол саласы бойынша мамандарды дайындайды. Мемлекет аталған мамандық бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқуға гранттар бөлуде. Сонымен бірге шәкіртақы төленеді.
Кезедесуге қатысқан түлектер жол саласына қызығушылықтарының жоғары екенін байқатты.

Сауал қоюшылардың басым бөлігі жоғары жалақыдан бөлек, мансаптық өсу сатысы туралы қызығушылықтарын жеткізді. Түлектермен онлайн кездесу мамыр айының ортасына дейін жалғасады.

Жолшылар осы уақыт ішінде Атырау қаласындағы 50-ден астам мектептің 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беруді көздеп отыр.

http://atr.kz/bez-rubriki/эksklюziv-koronavirustan-zhazylyp-shyqqan-atyraulyq-algash-ret-ashyq-suhbat-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз