Қазақстанда коронавирус туралы жаңа сайт іске қосылды

snimok 7 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру – ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда.

Осы орайда http://coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сайтта сонымен бірге аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер халық пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулық түрінде берілген.

«Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын», – деді Дәурен Абаев желіге жүктеген постында.

Сайт жаңалықтар, видео, COVID 19, сұрақтар мен жауаптар, маңызды рубрикаларынан тұрады. Екі тілде қызмет көрсететін сайтта инфографика түріндегі маңызды ақпараттар берілген.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-haly%d2%9baraly%d2%9b-%d3%99uezhajyna-haly%d2%9b-%d2%9ba%d2%bbarmany-hiuaz-dospanovany%d2%a3-esimi-berildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз