Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады

191227110725267a3598892i Жаңалықтар

Atr.kz/27 желтоқсан, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады»-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

 Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз