Экология департаменті Қарабатаннан шыққан түтін жөнінде пікір білдірді

54748260 1381 4712 b2e4 c2d2a913e525 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша экология департаменті Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Қарабатан кенті ауданында атмосфералық ауада қара түтін іздері бар ластаушы заттардың шығарылғанын анықтады. Осыған байланысты ведомство қызметкерлері мобильді жылжымалы зертханаға Қарабатан ауданына барды.

Осы шығарындылардың (қара түтіннің) көзі Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының филиалы «Болашақ» МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысы болып табылатыны анықталды, сондай-ақ Департамент қызметкерлері МГКДҚ зауытының СҚА шекарасының іргелес аумағында атмосфералық ауаны өлшеді. Осы өнеркәсіптік объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз