ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА КАНАЛДЫҢ ТАҒДЫРЫН ТАҢДАУ КЕРЕК…

whatsapp image 2019 10 18 at 18.11.55 Жаңалықтар

Atr.kz/18 қазан, 2019 жыл. Халық арасында «канал» аталып кеткен «Ерік-Мостовой» каналын атыраулықтар алдағы уақытта қалай елестеді?

Бұл сұрақтың жауабы Атырау қалалық әкімдігінің бастамасымен «Атырау цифрлық қабылдау» қосымшасында талқыланды, – деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Мостовой» өзегі әуелде өр суларымен толығып отыратын табиғи канал болатын. Уақыт өте оның арнасы тарылып, ағысы тежеліп, ақыры, қақ сулар мен тұрмыстық қалдық жиналатын орынға айналды. Өзекті қалпына келтіру мәселесі 1976 жылдан бері ауық-ауық көтерілген болатын. Алайда, оның шешімі тек 2001 жылы ғана табылды. Қала басшылығы өзекті қалпына келтіру жұмысына кірісті.

«Атыраусужоба» жобалау-зерттеу институты» ЖШС-і Атырау қаласының оң жағалауын абаттандыру мақсатында «Ерік Мостовой» өзегін канал қылып қалпына келтіру жобасын жасаған болатын. 2002 жылы Құрылыс және ТКШ департаменті канал бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады. Кейін, канал құрылысы тұрып қалды. 

Осы «Ерік Мостовой» каналының алдағы тағдыры туралы «Атырау цифрлық қабылдау» қосымшасы көмегімен тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде үш нұсқа көп дауыс жинады. Олар: канал орнына жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол салу,  каналды көміп, үстіне тегістей дерлік асфальт төсеу, канал сол күйінде қалдыру.  Осы үш  нұсқаның біреуін қолдасаңыз, ACQ қосымшасына тіркеліп, «қала оқиғалары» бөліміне өтіп, «сауалнама» элементін таңдаңыз.

Содан соң, өз нұсқаңызға дауыс беріңіз. Қала өміріне, оның дамуына үлес қосқыңыз келсе, сауалнамадан қалыс қалмаңыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз