Қала күніне орай Атырауда скейт саябағы ашылады

68793908 876958276019990 7383633588865990656 n Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. Жаңа спорт нысаны инвестор қаражаты есебінен «Туған жерге тағзым» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда қала күніне орай алғашқы скейт-саябағын салу жоспарланған. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы инвесторлармен құрылыс болатын алаңда кеңес өткізді.

Жаңа спорт нысаны Авангард ықшам ауданы мен Тұрғындар қалашығы ықшам ауданын қосатын көпірдің астында орналасады. Айта кетейік, скейт-саябағының орны кездейсоқ таңдалмаған. Себебі, саябақтың қасында Ретро-саябағы, Жайық өзені және және Атыраудың танымал көрнекті жерлерінің бірі жаяу жүргіншілер көпірі орналасқан.

– «Скейт-саябағы» балалар мен жастардың бос уақытын өткізетін жаңа орынға айналатынына, сондай – ақ, скейтбординг спорт түрін дамытуға бастама болатыны анық. Қалалық спорт бөліміне скейт-саябағын салуға өтініш тұрғындар тарапынан бұрыннан түсіп келеді. Құрылыс компанияларының бірі жаңа спорт нысанының құрылысы бойынша жобаға инвестиция салуға ниет білдірген болатын.

Біз «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша қолдайтын және туған қаласына көмектесуге дайын кәсіпкерлер бар екеніне қуаныштымыз, дейді Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

68769017 876958226019995 5075802606794702848 o
68640586 876958306019987 5879546268123922432 n
68751568 876958209353330 7552753982049878016 n 1

Айта кетейік, қазіргі уақытта скейт-саябағы құрылысына бөлінген алаңды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Алаң толығымен қоқыс пен арамшөптерден тазартылды. Саябақтың құрылысы бойынша жұмыстар қазан айының басында аяқталады деп жоспарлануда.

– Біз скейт саябағын барынша қауіпсіз және жарақат алу жағдайы болмау үшін қолайлы етуге тырысып жатырмыз. Балалар үшін төсеме жолдар резеңке жабындымен ал жасөспірімдер мен жастар үшін ол бетонды болады. Сондай-ақ, біз скейт-саябақ аумағын абаттандыру және көгалдандыруға ниеттеміз, дейді жобаның инвесторы болып табылатын компания директоры Абай Хамидулла.

Өз кезегінде қала басшысы инвесторға қалалықтардың барынша жайлы демалуы үшін, орындалатын жұмыстың сапасы жақсы болуын, сондай-ақ, нысанды уақытылы аяқтауды тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз