Қала ішіне 5000: Атырауда карантинді пайдаланған таксисттер аспандаған бағамен адам тасыған

1 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. Атырауда Шұғыл штаб  және полиция департаменті қызметкерлері түнгі қалаға патрульдік бақылау жүргізіп, көптеген құқықбұзушылықтарды анықтады. 


Рейд барысында белгілі болғанындай, ресми түрде салынған тыйымға қарамастан, таксистер мобильді қосымша арқылы  тапсырыс қабылдап, жеке адамдарды тасымалдаумен айналысып келген. 
Белгілі болғанындай, бір бағыттағы тасымал үшін таксистер 3000 – 5000 теңге аралығында ақы талап еткен.


Патрульдік бақылау кезінде мас күйінде көлік жүргізу, полиция қызметкерлеріне бағынбау фактілері кездесті.

2


Полиция департаментінің мәліметінше, соңғы бір ғана тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 32 факт анықталды. Тіркелген деректер бойынша 36 әкімшілік құқықбұзушылық материалдары жинақталды. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз