Нақты қай базарлар жабылатыны белгілі болды

img 20200404 wa0047 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұзда Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар алдағы демалыс күндері жабық болады.

Бүгін, 18 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің жиілеуіне байланысты ВАК демалыс күндері – 20-21 маусымда қосымша шектеу шараларын қабылдау туралы шешім қабылдады:

– сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, дүкендердің, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады;

– қоғамдық қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының ашық алаңқайда тұтынушы қабылдайтындарға ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

– қоғамдық көліктердің жүрісі шектеледі;

– қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктардың жұмысы уақытша тоқтатылады;

– фитнес орталықтар қызметі де уақытша тоқтатылады;

– 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуға тыйым салынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз