Атырауда салафизм бағытын ұстанушылар адам ұрлады (ВИДЕО)

20180730102255 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/b6BbdTAWxSU

Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл. Атырауда теріс діни ағым өкілдерінің адам ұрлағаны жөнінде күдік бар екенін жергілікті полиция департаменті хабарлады.

1990-1991 жылдары туылған үш азамат 16 сәуірде өзбекстандық азаматты үйінен ұрлап алып, соққыға жыққан. Сөйтіп, одан 300 мың теңге бопсалаған. Бұған дейін де осындай жолмен 100 мың теңге алынғаны анықталып отыр. Күдіктілер қолға түскен кезде олардан ақша мен басқа да айғақтаушы заттар, сондай-ақ, пышақ пен «Лада Ларгус» көлігінің кілті табылды. Қазір бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

19 сәуірде Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктілерді екі айлық қамауға алу жөніндегі шешімді санкциялады. Айта кету керек, ұсталғандар өз кінәсін мойындаған.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз