Президент әкімшілігі жанындағы сектор меңгерушісі Индер ауданында болды (ФОТО)

динара 2 Жаңалықтар

Облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі «Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалында  «Этносаралық қатынастардағы медиация негіздері» және «Отбасылық  медиация» тақырыптарында  семинар-тренинг ұйымдастырды.

динара (2)

Оны Президент әкімшілігі жанындағы медиация секторының меңгерушісі  Жанар Усипбекова мен аталған мекеме басшысы Тамара Аман-Турлина жүргізіп отырды.

динара (1)

– Медиация – Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі  жұмыс бағыты. Ол отбасылық, этносаралық, еңбек, дін қатынастары  және  мектептегі медиация болып жіктеледі. Отбасында туындайтын тұрмыстық түйткілдерді шешу, психологиялық және заңдық кеңес беру, некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету – басты міндет. Болашақ келіншектер мен енелерге арналған тренингтер арқылы отбасындағы даулардың алдын алуға болады, – деді Астанадан келген маман Жанар Жолдасбайқызы.

динара (4)

Елтай ауылдық округінің тұрғыны, Индер ауданының Құрметті азаматы Тасқали Темірболатов семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Жұқиев Астанадан арнайы келген медиаторға ризашылығын білдірді. Соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Айта кетейік, бүгінде өңірде барлығы 560 медиатор тіркелген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз