Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерге алғыс айтты (+ВИДЕО)

IMG 20190625 002114 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы қайғылы оқиғаға орай, бірлесіп, қолдау білдіріп жатқан барлық еріктілерге алғыс білдірді.

Бұл туралы Президент осыдан санаулы минут бұрын өзінің «Инстаграмм» желісіндегі парақшасында жазды. «Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Қазір оларға расымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қалпына келтіреміз» деді Президент.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Арыс қаласының тұрғындары толықтай эвакуацияланды. Десе де, қайғылы оқиға екі адамның өмірін жалмап кетті. Төтенше жағдай орын алған аумақта арнайы комиссия, әскерилер залалдсыздандыру жұмысын жүргізуде. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына барып, зардап шеккендермен кездескен болатын. Бүгінгі күні мамандар Арыста қауіпті жағдайдың сақталып отырғандығын мәлімдеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

https://www.youtube.com/watch?v=OMDqKA9hWqg&feature=youtu.be
Ел президенті Арыс апатында зардап шеккен азаматтардың жағдайын сұрап барды
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз