Президент кадр резервіне енген жастармен кеңесіп отырады

EGOV Ел жаңалықтары ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Жаңғырту 3.0 Жолдау

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. Президенттің кадр резервінің жастар арасында кең қолдау тапқаны қуантады.

Бұл туралы Ақордада кадр резервіне енген жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің кадр резервін құру бастамасы – менің сайлауалды бағдарламамның негізгі тармақтарының бірі болғанын білесіздер. Оның жас қазақстандықтар арасында кең қолдау тапқанына қуаныштымын. Білімді, еңбекқор, отаншыл жастар еліміздің тұрақты дамуы мен прогресінің басты қозғаушы күші саналады», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, резервке алынған әрбір жас өздерінің кәсіби құзіретінің деңгейі жоғары екенін көрсетіп, мемлекеттің игілігіне жұмыс істеуге шынайы ұмтылатынын дәлелдеп берді.

 «Сондықтан барлығыңызды жеке кездесіп, еліміз үшін өзекті мәселелерге қатысты пікірлеріңізді білу және кадр резервіне қатысушылардың алдында тұрған міндеттерге қатысты өз пікірімді білдіру үшін шақырдым. Бүгін сапалы пікір алмасу болатынына үміт артамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған