Президент Атырау облысына дәрігерлер мен дәрі-дәрмек жіберілетінін жеткізді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелді, оның 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болды – 13 науқас. Осы ретте, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау өңіріне барып, шұғыл жиын өткізді.

Вице-премьер мәлім еткендей, облыс дәрі-дәрмекпен 94 пайызға қамтылған. Кеңес барысында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қолға алынатын шаралар айтылды. Ал 11 шілде күні сағат 00.00-ден бастап Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған