17 қарашада «Қыс – 2016» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді

8c1bc4f87cd4f758284cb22380dfb51c Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті 2016 жылғы 16 – 18 қарашада «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында өтеді. Жаттығудың басшылық штабын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин басқарады. Атырау облысы бойынша оқу-жаттығу жетекшісі – облыс әкімінің орынбасары Т.Шәкімов, оқу-жаттығу жетекшісінің орынбасары – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзахов, оқу-жаттығу штабының бастығы –   облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары  полковник З.Бердашев.

8c1bc4f87cd4f758284cb22380dfb51c

«Қыс – 2016» республикалық командалық-штабтық жаттығу барысында шұғыл әрекет ету жасағының жауынгерлік дайындығы, Ішкі істер министрлігі  ТЖК бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы тексеріледі. Жаттығуға жұмылдырылған орталық және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен жаттығу орнында қысқы кезеңде төтенше жағдайды жою бойынша практикалық мәселелер пысықталады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің қысқы кезеңге әзірлігі бойынша, электр және жылу жүйелерінің жұмыс істеуі, апаттық-құтқару қызметі мен құралымдарының техникалық жарақтануы, жанар-жағар, инерттік және құрылыс материалдарының қоры туралы мәселелер тексеріледі.  Сонымен қатар, жолдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінетін болады. Қар құрсауындағы учаскелер, жылыну және тамақтану бекеттерінің орналасуы, сондай-ақ шекаралас облыстармен өзара әрекет ету мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.

1- жаттығу орны:

17 қараша. Сағат 09.00-дан 09.30-ға дейін (Бәйтерек ауданы) – облыстық шұғыл әрекет ету жасағының күштер мен құралдарының дайындығын тексеру.

2-жаттығу орны:

Сағат 09.40-дан 10.20-ға дейін (Алмагүл мөлтекауданы, №23 үй)  өрттерді жою және зардап шеккендерге көмек көрсету.

3-жаттығу орны:

Сағат 10.40-ден  11.20-ға дейін (сүт комбинаты маңы, №4, №5 павильоны №1 магистрал торабы) – диаметрі 500 мм. құбыр желісін ауыстыру.

4-жаттығу орны:

Сағат 11.30-12.00  (Атырау қаласынан 25-ші шақырымда Атырау – Астрахань тас жолы) – қарлы бұрқасын кезінде төтенше жағдайларды жою және  адамдарды құтқару. 

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз