Пойызда құжатсыз жүрген 135 азамат анықталды

e1516787738274 Жаңалықтар

Өткен жылы облыстық көліктік бақылау инспекция мамандары теміржол саласында 31 тексеріс өткізіп, 413 заңбұзушылық фактілері тіркелген. Сонымен бірге, 78 пойыз тексеріліп, 135 билетсіз жолаушылар анықталыпты. Айта кететін бір жайт, билетсіз жолаушылаған 135 азаматтың 3-уі отандасымыз болса, қалған 132-сі Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары болып шыққан. Бұл туралы облыстық көліктік бақылау инспекциясы өткізген брифингте белгілі болды.

Пойыз

Сонымен бірге, республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдар бойында жүк көліктерінің шамадан тыс артық жүк тиеу фактілері көп кездесуде. Мәселен, былтыр мұндай 884 жағдай тіркеліп, заң талаптарын бұзған жүргізушілерге 86 миллион теңгенің айыппұлы салынып, өндірілген.

«Бүгінде облыстық әкімдіктің қолдауымен заманауи жылжымалы техникаларға қол жеткізген инспекция мамандары тәулік бойы өз құзыретіне кіретін теміржол, су қатынасы және автокөлік жолдары бағыттарын қырағы бақылауда ұстауда. Индер ауданынан Каспий теңізіне дейінгі 333 шақырым аумақты құрайтын Жайық өзеніндегі барлық кемелер қозғалысы біздің мамандарға жүктелген. Саяхаттау мақсатынан бөлек, заңсыз балықшылық үшін өзен аңғарларына түсірілетін шағын кемелердің барлығына бірдей бақылау жасау қиын, әрине. Бұл істе мүдделі мекемелер мен құқық қорғау саласының арнайы қызметтері өкілдерімен бірлесіп жұмыстар жүргізудеміз»,-деді инспекция басшысы Найзабек Сүгіров.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Фото tengrinews.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз