Пойыз билеттері арзандауы мүмкін

Tasymal foto kids in trips.ru saytynan Жаңалықтар

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз билеттері құнын төмендету үшін елімізде қандай шаралар қабылданатынын айтты.

Tasymal-_-foto-kids_in_trips.ru-saytynan

«Осындай тәжірибе негізінен авиация саласында пайдаланылып келеді. Бұл тұрғыда топтасып билеттерді сатып алуға болады, сондай-ақ осы билеттерді алдын алу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге билеттер құнына тиісті деңгейде жеңілдіктер жасалады. Теміржолда тек өткен жылы ғана бұл процесс екі немесе үш бағдар бойынша іске қосылды», – деді Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда ол аталған тәжірибе қазіргі кезде эксперименттік түрде енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Егер де билетті ертерек сатып алсаңыз, онда 25 пайызға дейін жеңілдік болуы мүмкін. Менің білуімше, Алматы-Астана аралығында қанатқақты пойыз бар, сондай-ақ Астанадан оңтүстікке қарай екі бағыт ескерілген. Яғни үш бағдар бойынша қанатқақты түрде бұл процесс жүріп жатыр. Осы тәжірибе жыл соңына дейін өзінің тиімділігін көрсетсе, онда теміржол басшылығы оны барша Қазақстан аумағында енгізу шешімін қабылдайды деп ойлаймын», – деді Жеңіс Қасымбек.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз