ПЦР-тесттен тегін өтуге Атырау облысы бойынша 186 млн. теңге бөлінді

200602153524180e COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/12 маусым, 2020 жыл. Бұдан бұрын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі КВИ бойынша ПЦР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінгендігін, кімдер КВИ бойынша ПЦР-тестерді тегін өтетіндігін және де бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайтындығын жариялаған болатын.

Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша ПЦР-зерттеулер жүргізуге 186,3 млн теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде стационарларға–
60,1 млн теңге, ал бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету емханаларына – 126,2 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Қай жерлерде ПЦР – тест тапсыруға болады? Жеке тұлғалар үшін тест бағасы қандай? Қандай категориялар тегін тесттен өтеді? деген сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек былай деп жауап берді:

«Азаматтар мекен-жайы бойынша тіркелген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету емханаларында жолдама арқылы тапсырады(COVID-19-ға күдік болған жағдайда, немесе ЖРВИ және пневмония симптомдары бар, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер). Жеке тұлғалар үшін ПЦР-диагностика бағасына келсек, азаматтар өз еркімен (егер өз бетімен анализ тапсырғысы келсе) «Олимп» клиника-диагностикалық зертханасында тапсыра алады, бағасы – 15400 теңге.

Жалпы айтқанда, азаматтардың төмендегідей санаттары тегін тест тапсырады:

– COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;

– ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;

– КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;

– стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;

– тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;

– шетелден келгендер;

– жүкті әйелдер т. б.

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПЦР-зерттеулер жүргізіледі:

– үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;

– арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);

-коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері

– әскерге шақырылушыларға және т.б.

Қордың әу бастағы миссиясы – халықты тиімділігі дәлелденген, қолжетімді медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз ету, жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғау, медициналық қызметтерді кепілдік пен теңгерімді сақтай отырып сатып алу. Яғни, азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету арқылы қызметтің сапасын тиісті деңгейде ұстап тұру көзделген. Осы тұрғыда Қор медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ұйым ретінде дами түсетінін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз