Пайғамбарым – ардақтым!

Маулит Жаңалықтар

Осындай атаумен Махамбет атындағы қазақ драма театрында рухани кеш болып өтті. Рухани кешке жиналған халық нөпірінің көптігі сонша, жұрт залға сыймай кетті. Илләһи әндер орындалып, театрлық қойылымдар көрермен назарына ұсынылған кеште, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір жолы, хадистері туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Маулит

Жиналғандарды арнайы құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, Мәуліт мерекесін атап өтудің Атырауда дәстүрге айналуын ізгі амалға балады.  «Бұл мереке – Құрбан айт пен Ораза айттың жалғасы іспетті. Жастарды имандылыққа тәрбиелеуде Мәуліт айының әлеуетін пайдалану аса маңызды» деп атап өтті ол.

Маулит 1

Белгілі эстрада жұлдыздары Сержанали Әлібек пен Бейбіт Көшқалиев орындаған әндер, «Өнер қырандары» театры ұсынған өмірлік мәні зор қойылымдар кештің рухани сипатын одан әрі аша түсті. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілері болып табылатын сәбилердің пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен алынған үзінділерді нақышына келтіріп оқуы да, сәтті шықты.

Маулит 2

«Дініміз пайғамбар (с.ғ.с.) нұрына қауышатын екі жолды көрсетіп қойды. Оның біріншісі – салауат айту, екіншісі – пайғамбарды (с.ғ.с.) өз жанымыздан да артық жақсы көру» деген облыстың бас имамы Батыржан Мансұров, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айтудың мәні мен маңызына тоқталды. Кеш барысында  Алла елшісі (с.ғ.с) туралы шығарма жазудан сайысқа түсіп, озық шыққан ерлер жамағатына сыйлықтар табыс етілді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Маулит5

Маулит 3

Маулит 6

маулит 7

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз