Қой ауруға шалдықты

bcc77a5c3a7878832a03761e0f478e68 Жаңалықтар

Төтенше жағдай

Қызылқоға ауданына қарасты Ойыл ауылдық аймағында төтенше жағдай. Пастереллез ауруынан бір ғана «Жасқайрат» шаруа қожалығына қарасты 500-ге жуық ұсақ жандық қырылған.

bcc77a5c3a7878832a03761e0f478e68

Жекелеген тұрғындардың арасында да мал шығыны бар. Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай Лапиевтен білгеніміздей, бүгінде ауру малды анықтау, шектеу жұмыстары жасалып жатыр.

«Шектеу жобасы құзырлы органға тапсырылды. Енді он төрт күн ішінде арнайы вакцина бөлінеді. Әзірге, індет шыққан қожалық өз қаражатына вакцина сатып алды. 5000 қой егілуде. 1000 қойға емдеу шаралары бөлек жүреді. Ал, ауыл ішінде ауру бәсең» деді ол.

Мамандар қой-қозының қырылуын төпелеп жауған жазғы нөсермен байланыстырып отыр. «Бұл жерде жас төлді ауа райының суықтығына қарамай жайылымға жіберген тұрғындардың да кінәлары бар. Өйткені, ағзасы әлі бекімеген төлдер жаңбыр астында қалып, әбден жаураған. Нәтижесінде, төлдердің өкпесі қабынған» дейді олар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 Қызылқоға ауданы.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Абылай

    Казыр тынышпа екен?