«Отбасы – Отан негізі»

отбасы отан негізі Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында осындай тақырыптағы жоба бойынша Атырау қаласындағы мектеп пен балабақша ата-аналары арасында байқау өткізілді.

%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d0%b5%d0%b3%d1%96%d0%b7%d1%96

Сайыстың мақсаты – отбасы мен білім ордасы арасындағы байланысты нығайту, отбасы мүшелерін қоғамдық және мәдени өмірге тарту, белсенді ата-аналар бастамаларын қолдау, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру.

Сайысқа қатысқан отбасылардың ішінде  Атырау қаласындағы №1 мектепке дейінгі авторлық гимназиядан келген Нұрғалиевтер отбасы ерекше көзге түсті. Әкесі, анасы, Диас, өздерінің таныстыруын Тәуелсіздікке, Отанға арналған өлең жолдарымен бастады.

Қаланың көрікті жерлерін аралап қана қоймай, балаларын әрбір ескерткіштің тарихымен, туған өлкеге еңбегі сіңген адамдармен, қазба байлықтарымен, өндіріс орындарымен жақын таныстырып, танымын кеңейтіп отыратындығы Диастың сайыс кезіндегі айтқан сөзінен байқалды. Әкесі рәміздерді таныстырғанда кішкентай Диас: «Әнұранның сөзін жазған–жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденов. Ол Құрманғазы ауданындағы Қошалақ елді мекенінде дүниеге келген. Туған топырағының құдіреті бойына дарыған ақынның әні қазір Тәуелсіздіктің арқасында Әнұранға айналды», – деді.

«Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын» деген ниетпен Диастың әкесі гитараның сүйемелдеуімен ұлы екеуі «Туған жер» әнін шырқады. Сөйтіп, олар байқаудың  бас жүлдесін жеңіп  алды.

Исатай Тайманов атындағы орта мектептің намысын қорғауға келген отбасы шағын сахналық көрініс арқылы кешкі ас үстінде, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты да, өнегелі, тәрбиелі отбасының өмірін шеберлікпен көрсете білді.

Жалпы, отбасы құндылықтарын дәріптеген бұл байқаудың бүлдіршіндерге берер тәлім-тәрбиесі мол болды.

Бауыржан НАУРЫЗӘЛІ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз