Отандық өнімге сұраныс неге азайды?

АПТА: түйін Жаңалықтар Экономика

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жергілікті өнімдерге деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Осыған орай, енді атыраулық өнім өндірушілер жөнінде мәлімет «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына кіретін мекемелерге жеткізіліп отырмақ. Мұнымен облыстық кәсіпкерлер палатасы айналысатын болады.

%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%be%d0%bd%d0%b8%d0%bc

Бұл мәселе қызмет көрсету нысандары мен жеңіл өнеркәсіп өкілдеріне де қатысты. Осылайша, олар өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін аталған қоғам өз бақылауында ұстап отыратын болады. Соған сәйкес, мемлекеттік сатып алуға қатысты туындайтын қиындықтарды шешу жолдары көрсетіледі.

Мәселен, «Қазақ зағиптар қоғамы Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Болат Құстановтың айтуынша, олардың ұйымы кеңсе тауарлары мен төсек жабдықтарын жасап шығарады. Қазір кәсіпорын тапсырыстың аздығынан қиындық көріп отыр.

%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%ba-%d0%be%d0%bd%d0%b8%d0%bc2

– Біздің кәсіпорында мүмкіндігі шектеулі отыз адам еңбек етеді. Олардың 23-і – І топ, ал, қалғаны – ІІ және ІІІ топ мүгедектері. Мақсат – оларды мемлекеттік тапсырыс негізінде қоғамға бейімдеу. Оның үстіне, құрал-жабдықтар тозып, қаржы жетіспеушілігінен ауыстыра алмай отырмыз.

Тендерлерге жиі қатысамыз. Әйтсе де, нәтижесі көңіл көншітпейді. Себебі, бағаны тым төмендетіп жіберетін шағын кәсіпкерлік пен серіктестіктер бар. «Қазақстан темір жолы» сияқты ірі компанияларға ұсыныс айтқанымызда, «сатып алу үрдісі Астанада қаржыландырылады» деген жауап алдық. Қалай болғанда да, тапсырыстың көп болғанын қалаймыз ғой, – дейді кәсіпорын басшысы.

%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%be%d0%bd%d0%b8%d0%bc3

Ал, «Тұз» ЖШС-нің өкілі Олеся Ковалева Индер ауданында тұздың тек техникалық қана емес, ас пен йодталған түрі де өндірілетінін айтады. «Елімізден бөлек, Ресейге де тұз сатамыз. Енді гипохлорид натрий өндіретін зауыт ашқымыз келеді. Әзірге «Теңізшевройл» компаниясына техникалық тұз жіберу туралы үш жылдық келісім-шартқа отырғанбыз. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС алдындағы қарызымызды да төледік» дейді.

Тапсырыстың аздығына «ПКФ «Континент Ко ЛТД» ЖШС бас директорының орынбасары Марат Қалымов та шағымданды. Оптикалық-талшықты кабель өндіру зауыты қазір тек 30 пайызға ғана жұмыс жасап тұр. «Зауыт былтыр тамыз айында ашылды. Мұнда оптикалық-талшықты кабельдің 12 түрі жасалады. Тапсырыс беруші – «Қазақтелеком» мекемесі. Енді Ресейдегі байқауларға қатысқымыз келеді. Өкінішке орай, елімізде аталмыш өнімге деген сұраныс аз. Себебі, оның мыс кабельден де сапалы екенін ешкім біле бермейді» дейді ол.

Аман Шамар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған