ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН

Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Дін және мемлекеттілік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы орынбасары Ғалым Шойкин, Астанадағы «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов, Батыс өңіріндегі және Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының діни басқармалары басшылары қатынасты. 

Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының қазақстандық үлгісін дамыту, діни экстремизмнің алдын алудағы азаматтық институттардың орны мен атқаратын қызметтерін жан-жақты саралаған басқосу барысында бірнеше баяндамалар жасалып, қорытындысында конференция қатысушыларының Үндеуі қабылданды.

Сол секілді бұл күні Атырау қаласындағы Алмагүл мөлтек ауданында облыстық Дін істері басқармасының жанынан құрылған ақпараттық-талдау орталығының тұсауы кесіліп, дін саласындағы облыс көлемінде атқарылып жатқан ізгі жұмыстардың бір бөлігі ретінде өз жұмысын бастады.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз