Отанға адалдықтың үлгісі

АПТА: түйін Басты жаңалық Жаңалықтар

Ұлттық ұланның құрылғанына – 25 жыл

Осыдан жиырма бес жыл бұрын жас мемлекетіміздің қорғанысын күшейту және шекарамызды бекіту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы биыл ширек ғасырлық мерейтойын атап өтуде. Айтулы датаға орай кеше Құрманғазы мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерейлі жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, кәсіби мереке иелерін құттықтады.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba

– Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойын  тойладық. 1991 жылы Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін барлық қарым-қатынас  үзілген сәтте «ендігі жағдайымыз қандай болмақ?» деген сан сұрақтар мазалады. Еліміздің алға қарай жылжуында, саясатта, экономикада, қоғамның барлық қарым-қатынастарында даму  бағытын қамтамасыз ету мақсатында Елбасы дер кезінде қабылдаған шешімдердің, Президенттің бастамасымен жүзеге асқан бағдарламалардың нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын ала білді.

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сол кезден бастап Ұлттық ұлан жауынгерлері өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды абыроймен атқарып келеді.

Бүгінгі таңдағы дамудың басты шарты – қоғамдағы саяси тұрақтылық. Осы орайда, сіздер Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды ойдағыдай атқарып келесіздер, – деген облыс әкімі статистикалық деректерді келтіріп өтті. – Жүздеген қылмыстың, техногенді, табиғи апаттың алдын алуда, қоғамдағы келеңсіз жайларды болдырмауда, қылмыстың ашылуына сіңірген еңбектеріңіздің куәгері болып жүрміз. Сол үшін сіздерге алғыс білдіреміз.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba1

Лауазымды міндеттерін абыроймен атқарған подполковник Ескендір Жігітов, аға лейтенанттар Артем Рудницкий мен Амангелді Бердібаев аймақ басшысының Алғыс хатына ие болды.

Бұдан кейін Атырау қаласындағы  Ұлттық ұланның 5546-ыншы әскери бөлімшесінің командирі Бекайдар Күртібаев сөз алып, бірқатар сарбаздар мен ардагерлерге құрмет көрсетті. Атап айтсақ, «ҚР құқық қорғау әскерлеріне 25 жыл» медалімен облыстық ішкі істер басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Ғалымжан Қазиханов, запастағы подполковник Наурызбай Мүбараков, запастағы аға лейтенант Лұқпан Өтеков, запастағы прапорщиктер Марита Әлібекова, Серік Құрманғалиев және тағы басқалар мерекелік медальмен марапатталды.

Шара барысында еліміздің әр өңірлерінде орын алған жағдайларда әскери қызметшілердің   көрсеткен ерліктері мен қайсарлықтары  аталып өтті.

Мәселен,  1995 жылы Пшихвар шатқалында тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы шекараларын күзету жұмысын орындаған кезде қаза тапқан 17 жауынгердің жанқиярлық және батырлық қасиеттері барлық қазақстандықтар үшін  әскери  борышқа деген адалдықтың үлгісі болды. Сондай-ақ, өткен жылы Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімге жасалған шабуыл нәтижесінде қылмыскерлерді ұстауға атсалысып, тіпті өзінің өмірін құрбан еткен сарбаздардың да ерлігі еш ұмытылмақ емес.

2016 жылы  гранатты сәтсіз лақтырған сарбазды өз денесімен жауып, өлімнен құтқарып қалған полковник Қайрат Үмбетовтің және тағы басқа батырлардың да есімі жиын барысында ерекше құрметпен аталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Суреттерді  түсірген:

Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған