Оразғали Қаршегенов – Құрметті профессор

Оразғали Қаршегенов – Құрметті профессор Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 14 наурызында Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғылыми кеңесі кезекті отырысында бірауыздан осындай шешім қабылдады. Ал, жақында жерлесімізге осы жоғары атақ салтанатты түрде табыс етілді.

Оразғали Қаршегенов – Құрметті профессор

Оңтүстік астанадан жеткен жағымды жаңалыққа қарағанда, аталмыш жоғары оқу орнының ректоры Сәуле Сағынтаева және Ғылыми кеңестің басқа да мүшелері Оразғали Төлеуғалиұлының университеттің қамқоршылар кеңесінің мүшесі ретінде сіңірген еңбегін жоғары бағалаған. Сөз ретінде айтар болсақ, ол Алматы энергетикалық институтында (Алматы энергетика және байланыс университетінің бұрынғы атауы) 1981-1986 жылдары дәріс алған. Оқуын аяқтаған соң да 1994 жылға дейін осында студенттердің кәсіподақ комитетіне жетекшілік етіп, білім ордасының жарқын жетістігіне сүбелі үлес қосты.

Өзіне көрсетілген мұндай құрметке разы болған Оразғали Төлеуғалиұлы ұстаздары Альберт Болотов, Александр Богатыров, Досым Сүлеев, Эрнест Акимович, Ғабдрахим Маралұлы және Ғұмарбек Дәукеев есімдерін ерекше ілтипатпен атады.

Тағы бір жай – Оразғали Қаршегенов есімінің Атырау энергетика және байланыс университетінің белгілі түлектері тізіміне енгізілуі. Расында да, жерлесіміз өзі дәріс алған оқу орнын ұятқа қалдырған жоқ. Ол кезінде Алматыдағы Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркін басқарған «Алтын-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жетекшілік етті, Жамбыл электр жүйелері директорлар кеңесінің төрағасы және «Көкшетау-Пауер» компаниясының президенті болды.

Ал, 2008 жылы туған жеріне оралып, содан бері «Атырау-Жарық» ақционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда. Ол – «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, облыстық мәслихаттың депутаты.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз