Қорғаныс министрі қар көшкінінен зардап шеккен әскерилердің жағдайын өзі барып білді

Зачем рыбаку граната Жаңалықтар

Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қар көшкінінен зардап шеккен әскери қызметшілердің хал-жағдайын Тараздағы әскери госпитальға өзі барып білді деп хабарлайды министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Зачем рыбаку граната

Бүгінгі күні әскери госпитальде сарбаздарға қажетті барлық мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген, әскери қызметшілердің жағдайы тұрақты.

Сондай-ақ, әскери ведомствоның басшысы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті.

Қорғаныс министрі мерт болған азаматтардың отбасылары мен туған-туысқандарына көңіл айта отырып, олардың әрқайсысының өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып, әскери қызметтің хас шебері болғанын атап өтті.

Қазіргі кезде үкіметтік комиссия Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап, анық-қанығына жету үшін тергеуді жалғастыруда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз