ОҚШАУ ОЙ: Сауатты «жазшиш»!

internet of things bwdymta Жаңалықтар

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Қазір тым асы- ғыспыз. Сол уақыт тапшылығы тіпті біздің жазу мәдениетімізге де әсер етіп жатқандай ма дерсің?..

Сауатты сөйлеу, қатесіз жазу – қашан да құнды. Бір ауыз сөзге тоқтаған, сөз қадірін терең бағалаған халықпыз. Соны біле тұра, осылай жасаймыз…

Телефоным «тыңқ» ете қалды. Сыныптасым смс жолдапты. «Сәлем! Қалай? Не жңқ? Нест?». Таңданып қалдым. Себепсіз емес. Өйткені, ол – мұғалім. Ақталып әлек. «Асығыс жаза салып едім…»

Қазір бәріміз телефонға телміреміз. Миллиондаған жа­зылушылары бар әлеуметтік желідегі «жұлдыздардың» жазуын, әсіресе, жастар стан­дарт ретінде қабылдайды. Сондай жазуды көріп, өздері де қолданады. Қазір жазу мәдениетін желідегі сауатсыздық қалыптастырып жатыр ма деген ойға қалатынымыз да осыдан…

Шыны сол. Әлеуметтік желілердегі жазба орысша болса, қате тапқандар бет­ке басып шыға келеді. Ал, қазақшаны қатемен жазса, мән бермейді. Құдды бір, қазақша мәтін қатемен болуы қалыпты секілді. Сауатсыздыққа бойымыз үйреніп, оны кемшілік са­намай жүре берудің соңы жақсылыққа соқпасы аян.

Телефон тілінің қазақша еместігін сылтау етушілер кешегі күннің еншісінде. Қазір қазақшаны жүктеу оп- оңай. Ендеше, ерінбейікші. Қатесіз жазуды өзіңізден бастаңыз. Өзгелер сізден үйренсін!

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз