Оңтүстік Кореямен әуе қатынасына шектеу қойыла ма?

10211437 Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Оңтүстік Кореяда 763 адам коронавирус жұқтырған, жеті адам аурудан көз жұмды. Air Astana әуе компаниясы күн сайын Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан Сеулге тікелей рейс жасайды.

Қазақстан коронавирус тараған Оңтүстік Кореямен әуе қатынасына шектеу қойған жоқ. Air Astana әуе компаниясы рейстерді кесте бойынша жалғастырып жатыр.

«Air Astana Сеулге жоспарланған рейстерін орындауды жалғастырып жатыр», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы күн сайын Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан Сеулге тікелей рейс жасайды. Бұған дейін корей және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның Оңтүстік Кореямен әуе қатынасы шектелгені туралы ақпарат тараған болатын. Айта кетсек, қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда визасыз 30 күн ғана болуға рұқсат етілген.

Сонымен қатар 21 ақпанда Air Astana әуе компаниясы Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Таиланд, Гонконг және Макао сияқты елдерден келетін жолаушыларға билетке қатысты ережелерге өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Онда аталған елдерден оралуды кейінге қалдырып жүрген азаматтарға жеңілдік жасау қарастырылған.

«20 ақпанға дейін билет сатып алған жолаушылар, азаматтығына қарамастан, әуе билеттеріндегі айырмашылықты төлей отырып, оларды кейінірек немесе басқа бағыт бойынша ақысыз түрде қайта рәсімдей алады. Бұл шарттар транзиттік жолаушыларға қолданылмайды», – делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореядағы коронавирус

Оңтүстік Корея жаңа COVID-19 коронавирусын жұқтырған науқастар саны бойынша Қытайдан кейінгі екінші ел болды.

24 ақпандағы жағдай бойынша Кореяда 763 адам коронавирус жұқтырған, жеті адам аурудан көз жұмды.
Джон Хопкинс институтының бақылауына сәйкес, әлем бойынша 79 360 адамға коронавирус диагнозы қойылған, оның 77 150 -і Қытайда. Аурудан көз жұмғандардың саны – 2619, 24 963 адам дерттен айықты.

Сондай-ақ, Италияда 157 адам, Жапонияда 147 адам коронавирус жұқтырған.

http://atr.kz/bez-rubriki/sarajshy%d2%9bta%d2%93y-zh%d3%99rme%d2%a3ke-endi-senbi-sajyn-%d3%a9tedi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз