ОНЛАЙН-САЙЫС: Атырауда үздік оқытушылар анықталды

8b270aad 7c56 48f2 ae25 7d4e758c72b4 Білім

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті  қашықтан оқыту жүйесі кезінде  профессорлық-оқытушылар құрамы арасында «Үздік Е-оқытушы» сайысын өткізді.

Конкурс COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және білім беру үдерісінде электронды немесе қашықтан оқыту технологияларын кеңінен қолдануды  күшейту кезеңінде профессорлық-оқытушылар  құрамын  ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

-Байқаудың міндеті – профессорлық-оқытушылар құрамының зерттеу және ақпараттық-коммуникативтік әлеуетін дамытуды ынталандыру, білім беру үдерісінде электронды оқыту мен қашықтан оқыту технологияларын қолданудың үздік әдістері мен тәжірибесін насихаттау.

Сондай-ақ,  қашықтан оқыту курстарын әзірлеу мен енгізуге ынталандыру, университетте оқытудың осынау жүйесін дамыту. Алдын ала сайыс ережесі жасақталып, университеттің ақпарат беттерінде жарияланды. Барлық ұжым мүшелері танысты. Байқауға ниет еткен барлық оқытушылардың қатысу мүмкіндігі бар. Сайыс «Үздік лекция», «Үздік  онлайн материал», «Үздік онлайн тапсырма» бойынша үш номинациядан тұрады, – дейді университеттің баспасөз орталығының жетекшісі Ұлдай Қойбақова. 

cd44c112 2514 48b2 940c 5763a8a6b7b3 1

Байқау  әр апта сайын қорытындыланады.  Бүгінде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығындағы сайыстың алғашқы жеңімпаздары анықталды. «Үздік лекция»  номинациясында Индустриалды-технологиялық факультетінен Ағиба Ысмағұлова үздік деп танылды. Ал, «Үздік онлайн материал» номинациясында екі жеңімпаз анықталды.  Олар – Мұнай-газ факультетінің оқытушылары  – Ләззат Ғалиева мен Мейрамгүл Оразғалиева.

Ақпараттық технология және бизнес факультетінен Назгүл Ысмағұлова «Үздік онлайн тапсырма» аталымының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар әр номинация бойынша 50  мың теңге мөлшерінде бір реттік ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Байқауға қатысу үшін  оқытушылар әр номинация аясында өз жұмысын таңдап, академиялық мәселелер департаментіне ұсынады. Байқау жұмыстары  дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта өткен сабақтарды  қамтитын болуы тиіс.

20516b33 5bc5 4133 83d0 48338d1e4390
http://atr.kz/bez-rubriki/karantin-atyraudagy-shekteu-sharalarynyn-tolyq-nusqasy-zhari%d1%8flandy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз