ОЛАР ӘРҚАШАН ДА САПТА

Құтқарушылар табиғи және техногендік апаттардың салдарын жою және оның алдын алуға қай кезде де дайын тұрады. Өткен аптаның сенбі күні қаладағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  қызметкерлері өздерінің кәсіби төл мерекесін атап өтті.

Салтанатты шараға қатысушыларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметтің полковнигі Болатбек Омаров құттықтап, бағынышты құрылымдар, бөлімдер мен жеке құрам қызметкерлерінің  аймақ халқының қауіпсіздігін сақтаудағы жанқиярлық ерен істеріне ризашылығын  білдірді. Содан соң Болатбек Бөлемісұлы Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрі  Қ.Қасымовтың облыс департаментінің қызметкерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтауын оқып берді.

Бұдан кейін облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз  ету ісіндегі жетістіктері үшін департаменттің көзге түскен бір топ қызметкерлері «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен,  Алғыс хаттармен марапатталды.

Департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтжан Дүйсен өздеріне  көрсеткен құрметі үшін алғысын  білдіре  келіп, алдағы  кезде  де  аймақ халқының  қауіпсіздігін сақтау жолында қалтқысыз қызмет ете беретіндіктеріне сенім білдірді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз