Ойыл өзенін қалпына келтіру мәселесі ғылыми конференцияда талқыланды

Жаңалықтар Экология

atr.kz/ 15 қыркүйек, 2020 жыл.  С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе университетінің ұйымдастыруымен «Ойыл өзенін қалпына келтіру» атты республикалық онлайн конференция өтті.

                Ойыл өзені – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қызылбұлақ  ауылынан бастау алып, Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Тайсойған құмына сіңеді. Қызылқоға ауданының 7 округі осы өзен бойын жағалап, негізінен мал шаруашылығымен күн көреді.

Биыл өзеннің соңғы сағасындағы ауылдарға су келмей, ауыл тұрғындары қуаңшылықтың зардабын тартып отыр. Бұлай жалғаса берсе жерасты су көздері де азайып, ауыл шаруашылығы түгілі, ауыз су тапшылығын тартуы әбден мүмкін.

                Сондықтан, осы мәселені дер кезінде көтеріп, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп жұмыс жасау көзделуде.

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Галидолла Азидуллин, Ақтөбе облысының Ойыл, Мұғалжар ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен тағы да тиісті басқармалардың басшылары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған