«Өңір шежіресінің сыр сандығы» (+ФОТО)

img 20201009 wa0128 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Осындай тақырыппен  Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің алғаш шығарыла бастағанына 90 жыл толуына орай тағылымы зор шара ұйымдастырылды. Мерекелік салтанат ауданға танымал өнерпаз Толыбай  Қажыгереевтің орындауында осы газеттің ұзақ жыл бас редакторы болған Таңатар Дәреловтің сөзіне жазылған «Тоқсанға  «Серпер» толғанда» атты толғауымен басталды.

Алғашқы құтттықтау сөзінде аудан әкімі Нұртаев Қайрат атқарушы биліктің де, баспасөздің де мақсаты бір, ол – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз бүгіні мен кемел келешегі үшін бел шешіп, қызмет ету екенін атап өтті.

–           Журналист – дәстүрлі қоғамдық пікір, халық бағасында мәдениетті, өнегелі, зиялы тұлға. Сондықтан, тәлімі мен тәжірибесі мол аудандық редакцияда талай жылдар еңбек еткен аға-апаларының ізін басқан бүгінгі жас журналистеріміздің алдыңғы аға буынның салған сара жолынан тайынбай еңбек ететініне еш күмән жоқ. Қасиетті мекеннің барлық тыныс – тіршілігінен, арғы-бергі тарихынан, бүгінгі келбетінен бұқараға шынайы ақпарат беріп отырған өңір жылнамасының өрлеу жолдарында редакция ардагерлерінің де еселі еңбектері, айырықша қолтаңбалары жатыр. Сіздердің қаламдарыңыздан туған әрбір мақалалар, түйткілді мәселелер оқырманға ой салмай кеткен емес, – деген аудан басшысы мерейлі күнге орай мерзімдік басылымның байырғы белсенді тілшісі, академик-жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Өмірзақ Қажымғалиұлына, газеттің І санатты тілшісі Айбек Нәжімовке Атырау облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, аудандық газеттің қызметкерлерін, әр жылдарда қызмет жасағандарды марапаттады.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Игембердиев тілегін арнап, алдымен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Құттықтау хатын оқып табыстады. Мерекеге орай арнайы жасалған мерейтойлық медальмен аудандық №2 баспахананың қызметкерлерін, мерзімдік басылымның ардагерлерін, баспасөзге жазылудың белсенділерін, газеттің демеушілерін  ұлығылады. Үлкен экраннан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қаменовның құттықтау лебізі назарға берілді.

Келесі кезекте «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупованың мерекеоік баяндамасы тыңдалып, экраннан мерейлі датаға орай түсірілген бейнефильм көрсетілді. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, сөз өнерінің зергерлері Өмірзақ Қажымғалиев, Таңатар Дәрелов аудандық газеттің тоқсан жыл ішінде атқарған істерін, онда қызмет жасаған аға буын өкілдерін еске алды.

А.МЕЙІРМАНОВ

img 20201009 wa0124
img 20201009 wa0122
img 20201009 wa0129
img 20201009 wa0130
img 20201009 wa0121
img 20201009 wa0132
img 20201009 wa0127
img 20201009 wa0126
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз