Облыстық басқармаларда – жаңа басшылар

Тағайындау Жұмабай Ғаббасұлы ҚАРАҒАЕВ 1 Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің өкімімен Жұмабай Ғаббасұлы ҚАРАҒАЕВ  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болып тағайындалды.

????????????????????????????????????

Жұма күні басқарманың жаңадан тағайындалған басшысын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұжымға таныстырды.

Ол 1971 жылы дүниеге келген. М.Губкин атындағы мұнай және газ  академиясын бітірген. Облыстық ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Нұрлан Асқарұлы салалық басқарманың жаңа басшысына үлкен сенім білдіріп, тың міндеттер жүктеді.

 

Атырау облысы әкімінің өкімімен Қайрат Талапұлы НҰРТАЕВ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы болып тағайындалды.

????????????????????????????????????

Кеше оны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұжымға таныстырды.

Ол 1980 жылы туған. Атырау мұнай және газ институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. 2010 жылдан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басшының орынбасары қызметін атқарып келді.

Нұрлан Асқарұлы салалық басқарманың жаңа басшысына зор сенім білдіретінін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз