Облыс әкімі Н.Ноғаев «Береке» тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді (ФОТО)

photo5208620583934339142 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы «Береке» тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді,- деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

photo5208620583934339142

Биыл мемлекет қаржысына жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр болатын  37 тұрғын үй, яғни 2007 пәтердің құрылысы жүргізілген. Бүгінде ауданы 109,8 мың шаршы метр 1617 пәтерлі 29 үй пайдалануға берілген. Ал қалған 8 тұрғын үй құрылысы жыл аяғына дейін бітеді.

photo5208620583934339141

«Береке» тұрғын үй кешенін тексеру барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, үй тұрғызу кезінде барлық қажетті жағдайлар есепке алынып, құрылыс мәдениеті сақталуы керектігін айтты.

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған адам оған қалай жөндеу жүргізу керегін немесе құрылысшылардың кемшілігін қалай дұрыстауды ойламауы керек»,-деді Нұрлан Ноғаев. «Қабылдау-тапсыру  актісі қосымша өзгертулер мен қайта түзетусіз, барлық жұмыстардың аяқталғанын көрсетеді».

photo5208620583934339143

Аймақ басшысы тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айта кету керек, 2018 жылы Атырау қаласындағы «Нұрсая», «Береке» ықшам аудандарында 4 638 пәтерлі 43 көп пәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалады деп жоспарлануда.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз