ОҒЫЗ ДӘУІРІНІҢ ЖАУЫНГЕРІ

Индер жерінен табылды

Индер ауданының Теректі деген жерінде орта ғасырда жерленген жауынгердің зираты табылды.

 

Қазба жұмыстарын жазғы тәжірибе кезінде Атырау мемлекеттік университетінің студенттері – болашақ тарихшылар өткізді. Қорымды ерекше деп атауға болады. Жауынгермен бірге оның жылқысы да бірге жерленген. Сондай-ақ, қабірдің ішінде ұзындығы 1 метрдей қылыш, жебе ұштары, ұзындығы 1 метрден асатын сауыт, ер-тұрман элементтері болған. Темір сауыттың 20 келілік салмағына қарағанда, ол жылқыны қорғауға арналған.

«Археологтар тапқан барлық материалдар IX-XI ғасырлардағы оғыз дәуіріне жатады. Себебі, ат сауыттарын тек оғыз тайпалары ғана жасаған», – деп хабарлады археологияның оқу-ғылыми зертханасының меңгерушісі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің археология-этнография мұражайының директоры Әния Ермағамбетова. 

Өз тілшімізден.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз